Жаңалықтар

«Садраддинге ақша берген жоқпын»: Дархан Жолшыбеков концертке салған 70 млн теңгесін кімге берді?

«Садраддинге ақша берген жоқпын»: Дархан Жолшыбеков концертке салған 70 млн теңгесін кімге берді?
Фото: instagram.com/darhanzholshybekov 26.09.2023 18:25 1763

Блогер, продюсер Дархан Жолшыбеков «Өзіміз ғой» бағдарламасына берген сұхбатында әнші Садраддиннің концертіне қатысты тарап кеткен қате ақпараттар жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Негізі бұл концерт басында тегін болуы керек еді. Садраддиннің алғашқы концерті ауқымды өтеді деп ойлаған едік. Бірақ мұндайдың біздің қолымыздан келмейтінін түсіндік. Ашық алаңда 100 мың адамға концерт ұйымдастыру өте қиын. Басында біз ақша туралы ойламадық. Адамның жиналып, жиналмауы бізге қызық емес болды. Сол үшін де тегін өткізгіміз келді. Ойлана келе концертті стандартты талапқа сай жасау туралы шешімге тоқталдық, - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Дархан Жолшыбеков концертке қаражатты тікелей Садраддиннің өзіне бермеген.

Барлығы «міне, Садраддин, мынау 70 миллион теңге, сен концертіңді істе» деп айтты деген ойда болды. Шын мәнінде олай болған жоқ. Садраддинге, қасында жүрген адамдардың ешқайсына ақша берген жоқпын. Маған «сахна құрып жатырмыз», «жарық қойып жатыр», «волонтерге, күзетшіге ақша керек» деп айтып отырды. Мен тек соған ғана ақша жіберіп отырдым. Садраддиннің мұны өзі де істей алатындай қаражаты жететін еді. Бірақ бастапқыда ұсыныс менен болғаннан кейін Садраддинге «ақшаны ойлама, концертіңе дайындал» дедім, - деді блогер.

Продюсердің айтуынша, концерт билеттері сатылымға шыққан бірінші аптада-ақ өз құнын ақтаған. Дархан Жолшыбеков концерт аяқталғаннан кейін өзінің салған қаражатының үстінін бір тиын да үстемақы қоспай қайтарып алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға