Жаңалықтар

Әнші Индира Елемес Қайрат Нұртасқа неге ренжіді?

Әнші Индира Елемес Қайрат Нұртасқа неге ренжіді?
Фото: instagram.com/indiraelemes 26.09.2023 16:00 2421

Түрік әншісі Мұстафа Сандалдың «Бекерге қырылдым» әнін о баста әнші Индира Елемес орындамақ болған. Бұл туралы ол «Қызықты weekend» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әнші қыз аталған әнді шырқау үшін оның авторынан рұқсат алу мақсатында арнайы Түркияға барып қайтқан.

Ешқандай әнді рұқсатсыз орындамаймын. Міндетті түрде әншімен, ол Бейонсе болса да, байланысқа шығамын. Біз Ыстамбұлға бардық, іздеп тауып алдық. Бұл кісі бірден рұқсатын берді. Құжатқа қол қойылып, мөр басылды. Сөйтіп Қазақстанға келгенде мына кісі (Қайрат Нұртас – ред.) Мәдина Сәдуақасовамен айтады ғой. Бірақ ол біздің бұл әнді айтайын деп жатқанымызды білді, сонда да орындады. Сонымен менде күйзеліс басталды. Енді ән ұнап тұрса, не істейміз? - деді әнші.

Оқи отырыңыз:

Индира Елемес әнді өзі жалғыз орындай алмай қалса да, Алланың басқа дүниені бұйыртқанын айтады.

Демек мен ол әнді қазақ тілінде өзім орындамауым керек, композитормен шырқауым қажет болған екен. Ұсыныс білдіргеннен кейін Мұстафа Сандал бірден келісе салды. Карантин бітіп, енді түсірілім басталып жатқан уақытта қуана-қуана Шымкент қаласына шақырдық. Бірге жазып, қазақ, түрік тілдерінде орындадық, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға