Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар жолдардың 10 учаскесінде жол жабылды

Республикалық маңызы бар жолдардың 10 учаскесінде жол жабылды
Фото: © El.kz 21.01.2024 13:35 458

Ауа райына байланысты еліміздің 4  облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» АҚ көлік қозғалысына шектеу қойылған учаскелердің тізімін жариялады. Олар:

Ақтөбе облысында - 2 учаске:

- "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 255-330 км, Қарауылкелді ауылы - Атырау облысы шекарасы - 75 км;2.

- "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 185-255 км, Шұбаркұдық ауылы - Қарауылкелді ауылы – 70 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)

Жамбыл облысында - 1 учаске:

- «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен ауылы - Қайнар ауылы - 79 км.

(қар аралас жаңбыр, екпінді жел, тұман, шектеулі көрініс).

Жетісу облысында – 1 учаске:

- «Үшарал-Достық» 84 -184 км, Көктұма ст. - Достық ст. – 100 км.

(тұман, шектеулі көрініс).

Батыс Қазақстан облысында – 6 учаске:

- «Орал-Тасқала-РФшек.» 4-104 км, Орал қ. - РФ шекарасы – 100 км.

- «Атырау-Орал» 375-492 км, Чапаево ауылы - Орал қ. – 117км.

- «Чапаево-Жалпақтал-Казталовка» 0-213 км, Чапаево ауылы - Казталовка ауылы – 213 км.

- «Казталовка-Жәнібек - РФ шекарасы» 0-158 Казталовка ауылы - Жәнібек ауылы – 158км.

- «Подстепное-Федоровка РФ шек.» 0-36 км, Подстепное ауылы - Федоровка ауылы – 36 км.

(екпінді жел, бұрқасын, шектеулі көрініс).

- «Самара-Шымкент» 195-246 км, РФ шекарасы - Орал қ. – 51 км.

(РФ ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Айта кетейік, республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника және 460 жолшы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға