Жаңалықтар

Жолдар жабылды: 500-ден астам адам пойыздармен тасымалданды

Жолдар жабылды: 500-ден астам адам пойыздармен тасымалданды
Фото: ҚТЖ 15.01.2024 13:47 531

Елімізде тас жолдардың жабылуына байланысты 500-ден астам адам қалааралық пойыздармен тасымалданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 13-14 қаңтар аралығында Астана-Павлодар, Есіл-Атбасар және Көкшетау-Астана учаскелеріндегі тас жолдарында шектеулер енгізілген болатын.

Оқи отырыңыз:

Осыған байланысты жолаушылар мына пойыздармен тасымалданды:

-«Павлодар – Нұр-Сұлтан-1» бағыты бойынша №7501 пойыз;

-«Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Көкшетау» бағыты бойынша №7507/7508 пойыз;

-«Нұр-Сұлтан – 1-Көкшетау» бағыты бойынша №6829/6830 пойыз;

-«Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Атбасар» бағыты бойынша №6803/6804 пойыз;

-«Нұр-Сұлтан-1 – Павлодар» бағыты бойынша №7502 пойыз;

-«Нұр-Сұлтан-1 – Ерейментау» бағыты бойынша №6832 пойыз.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтамайтынын алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға