Жаңалықтар

Қызылшадан қаза тапқан балаларға қатысты тергеу аяқталды

Қызылшадан қаза тапқан балаларға қатысты тергеу аяқталды
Фото: © ОКҚ 10.01.2024 16:45 789

Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары Әйгерім Оспанова қызылша жұқтырып қаза тапқан балаларға қатысты зерттеу нәтижелерін айтты, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.  

28 желтоқсанда ШҚО мен Астанада екі бала қызылшадан қайтыс болғаны жөнінде айтылды. Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Әйгерім Оспанова осы жағдайға қатысты тергеу жұмыстарынын нәтижесімен бөлісті.

Өкінішке қарай, желтоқсан айында екі бала қызылшадан қаза тапты. Бірінші жағдай Шығыс Қазақстан облысында болды. Ол 6 айлық бала болатын. Қайтыс болған баланың ата-анасы бірінші қаралған кезде оны ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Екінші ретінде бала өте ауыр жағдайда стационарға жатқызылды. Бүгінде осы мәселеге қатысты эксперттік жұмыстар жүргізілді. Патологиялық зерттеулер нәтижесінде баланың қызылшадан қайтыс болғаны дәлелденді, - деді Оспанова.

Сөзінше, қайтыс болған баланың анасы да қызылшаға қарсы екпе алмаған болып шықты.

Екінші қайғылы жағдайға тоқталсақ, ол бала 4 айлық болды. Бала ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Ол жағдай бойынша да баланың қызылшадан қайтыс болғаны анықталды. Айта кетерлігі,  4 айлық бала анасының сүтімен тамақтанбаған, - деді маман.  

Айта кетейік, балаларға неліктен жаппай үндістандық екпенің салынып жатқаны туралы жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға