Жаңалықтар

Балаларға неліктен жаппай үндістандық екпені салдырып жатыр

Балаларға неліктен жаппай үндістандық екпені салдырып жатыр
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 10.01.2024 16:16 908

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында дәрілік заттарды сұрыптау саласының маманы қызылшаға қарсы екпе жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

«Қазақстанда неліктен балаларға SerumInstituteofIndia өндірісінен шыққан екпеден басқа компаниялардың екпелері қарастырылмаған? Неге ата-аналарға таңдауға мүмкіндік жоқ?» деген сұраққа жауап берді.

Сөзінше, аталмыш компания екпелердің дүниежүзінде өндірілген және сатылған саны бойынша ең ірі өндіруші болып саналады. Әлемде 1,5 млрд дозадан астам вакцинаны шығарған.

Дүниежүзіндегі балалардың 65 пайызы осы институт шығарған кем дегенде бір вакцинаны алады деп есептеледі.  Осы өндірушінің вакциналары Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында сертификатталған және шамамен 170 елде ұлттық иммунды бағдарламаларында қолданылады, - деді  ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Дәрілік заттарды сұраптау департаментінің сарапшысы Замзагүл Нұрсеитова.

Бұған дейін Қазақстанда 54 жүкті әйел қызылша жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға