Жаңалықтар

Қостанайда такси жүргізушісі ер адамды пышақтап тастады

Қостанайда такси жүргізушісі ер адамды пышақтап тастады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 28.07.2023 17:00 1277

Қостанайда такси жүргізушісі ер адамды пышақтап тастады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, орталық базар ауданынан ауруханаға пышақ жарақатын алған ер адам жеткізілген.

Оқи отырыңыз:

Жүргізілген тексеру аясында полиция жолаушы мен такси жүргізушісінің арасында қақтығыс туындап, жүргізуші пышақ жарақатын салғаны анықталды. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға