Жаңалықтар

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға аттана ма?

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға аттана ма?
Фото: Әлеуметтік желі 11.01.2024 17:32 1430

Енді қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге заңды түрде рұқсат берілмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Қазақстан халқының Оңтүстік Корея, БАӘ, Түркия сынды барлығы 5 елде заң шеңберінде жұмыс істеуі үшін келісім жүргізіліп жатқаны айтылған еді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің өкілдері онлайн-форматта келіссөздер жүргізіп, олардың барысында Қазақстанды Оңтүстік Кореяның «Employment permit System» жүйесіне енгізу мәселесін талқылады. Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кездесуге Еңбекмині Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев, Еңбекмині Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Саадат Асансеитова және Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің Шетелдік жұмыс еңбегі жөніндегі басқармасы директорының орынбасары Мюнг Сунг Хон қатысты.

Оқи отырыңыз:

Бірнеше ай бұрын Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Абулхатин Ерболат Махамбетұлы ҚР Сыртқы істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлік өкілдері Кореяға аттанып, сол жақта осы шартқа отыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан болатын.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 194 мыңнан астам адам шетелде еңбек еткен. Қазақстандықтардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін Еңбекмині Түркиямен, БАӘ, Ұлыбританиямен және т.б. елдермен жаңа келісімдер жасасуға бастамашылық жасау жөнінде қосымша шаралар қабылдады, - делінген Сыртқы істер министрлігінің мәліметінде.

Сонымен қатар, алдағы екі жыл ішінде Қазақстан ірі компаниялар шоғырланған Оңтүстік Корея, БАӘ, Түркия сынды барлығы 5 елмен келісімшартқа отыру көзделгені белгілі болған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға