Жаңалықтар

«11 жасымда пошташы болдым». Төлеген Мұхамеджанов музыкаға қалай қадам басқанын айтты

«11 жасымда пошташы болдым». Төлеген Мұхамеджанов музыкаға қалай қадам басқанын айтты
Фото: instagram.com/tolegenmukhamejanov 11.01.2024 14:30 504

Әйгілі композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Мұхамеджанов ата-анасы алып берген музыкалық аспаптар туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Композитордың айтуынша, өнерге баулаған әкесі алғашқы аспабын алып берген.

Ауылда 3 ай бойы пошташы болып жүмыс істедім. Күні-түні газет-журнал тасыдым. Кейде балаларға бере салатынмын, сосын газет келмеді деп шағымдар келетін. Ай сайын 35 рубльден 105 рубль таптым. Қысты күні әкем тапқан ақшама баян алып берді. Сөйтсем, менің ақшамды жинап жүріп, әкемнің баян алып бергендегі көрегенділігіне ризамын. Маған баян алып беріп, музыкаға байлап қойды. Сосын баян үйренуіме тура келді, - дейді композитор

Өнер иесі студент болып жүргенде анасы сиырын сатып пианино алып бергенін де айтып берді.

13 жасымда әкем қайтыс болды. Одан кейін анам менің өнерді тастамауымды қатты қадағалады. Тіпті, студент кезімде қорасындағы жалғыз сиырын сатып, пианино алып берді. Ол кезде оның бағасы бір сиырдың құнымен бірдей болатын, - деді Төлеген Мұхамеджанов  “Төрлетіңіз” бағдарламасына берген сұхбатында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға