Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Түркия азаматтығын алды

Қазақстандық боксшы Түркия азаматтығын алды
Фото: instagram.com/nagra_boxing_coach 15.08.2023 14:43 957

Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі әрі Astana Arlans-та 54 келі салмақта өнер көрсеткен Энвер Музаффер (бұрын - Анвар Музапаров) «Дядя Ваня» телеграм-арнасына берген сұхбатында неліктен Түркия азаматтығын алғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркияның Анталья қаласында өмір сүріп жатқаныма төрт жыл болды. Түп-тамырым түрік, ахысқа түркіміз. Отбасымызбен қоныс аудардық. Спорттық карьерамды аяқтаған соң мен де солардың қатарына қосылдым. Өзіміз түрік болғандықтан бізге азаматтық алу қиын соққан жоқ. Бір жыл ішінде паспортымды алдым, - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Оның сөзіне қарағанда, 2022 жылы шаршы алаңға оралуына Түркия чемпионатында бақ сынап көру деген мақсаты себеп болған. Нәтижесінде бірінші орын иеленген.

Түркияда бокс енді ғана дамып келе жатыр. Түркия ұлттық құрамасында жерсіндірілген боксшылар көп. Құрам негізінен жастардан жасақталған. Мысалы, 75 келі салмақта Таразда туып-өскен Султан Османлы өнер көрсетеді. Ол да ахысқа ұлтынан. Бірақ ол Қазақстанда бокстаспаған, – деді Музаффер.

Қазір Энвер балалар спорттық клубында жұмыс істеп, бүлдіршіндерді боксқа баулып жүр. Карьерасын жарақатына байланысты біржола аяқтаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға