Жаңалықтар

85 мың теңге жалақымен өмір сүруге болады – вице-министр

85 мың теңге жалақымен өмір сүруге болады – вице-министр
Фото: primeminister.kz 15.08.2023 13:55 10536

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың бұл сөзі көпшілік арасында біраз талқылауға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде айлығы төмен маман иелерінің бірі кітапханашылар екені белгілі. Олардың арасында айына 85 мың жалақы алатындар бар. Бұл туралы Білім саласындағы академиялық кітапхана басшысы Әлия Шоратқызы мәлімдеген болатын.

Осы орайда тілші вице-министрден «85 мың теңгеге өмір сүруге бола ма?» деп сұрақ қойып еді, шенеунік былай деп жауап берді:

85 мың теңгеге өмір сүруге болады. Бірақ әр салада жалақы өсуі керек, қазір біз сол бойынша әдістемемен айналысып жатырмыз.

@aselimabeldinova

 

♬ оригинальный звук - Aselim Abeldinova

Сонымен қатар Ордабаев жалақы көтеру мәселесі 2022 жылы қолға алынғанын қоса кетті.

Олжас Ордабаев 1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, «Cesar Ritz Colleges Switzerland» (Цезарь Ритц колледжі Швейцария, Манчестер Метрополитан университеті) бітірген.

2007-2014 жылдары бірқатар қоғамдық ұйымды басқарды.

2014-2015 жылдары «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Әлеуметтік әріптестік басқармасының бас менеджері қызметін атқарды.

Ал 2022 жылғы 1 тамызда вице-министр қызметіне тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға