Жаңалықтар

Қазақстандық ауыр атлеттер Париж олимпиадасына қатыса алмауы мүмкін

Қазақстандық ауыр атлеттер Париж олимпиадасына қатыса алмауы мүмкін
Фото: Olympic.kz 18.07.2023 12:13 779

Допингке қарсы орталық директоры Майра Бақашева қазақстандық ауыр атлеттердің тыйым салынған препараттармен ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы айтпаған адам жоқ, бәрі айтып жатыр. Қазір бұл федерацияның өзі үшін үлкен қауіп, себебі федерация белгілі бір уақытқа шектелуі әбден мүмкін. Егер бұл Париждегі Олимпиада ойындарына дейін болса, онда біздің зілтеміршілеріміз Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін, - деді Бақашева.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда ауыр атлеттер арасында допинг дауына байланысты спорттан шеттетіліп жатқан жайттар азаймай тұр. Бұған дейін Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған қазақстандық  Игорь Сон дисквалификация алғанын хабарлағанбыз

Ал еліміздің төрт дүркін чемпионы Владимир Седов спорттан шеттетілген соң өз-өзіне қол жұмсаған болатын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға