Жаңалықтар

Көмекке мұқтаж спортшылар көп, соларды құтқару керек – Илья Ильин

Көмекке мұқтаж спортшылар көп, соларды құтқару керек – Илья Ильин
Фото: wfrk.kz / instagram.com/ilyailyinforever 27.06.2023 14:40 695

Танымал ауыр атлет Илья Ильин әріптесі Владимир Седовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ильин Владимирдің туған-туыстарына көңіл айтып, бұл Қазақстанның ғана емес, спорт әлемі үшін ауыр қаза екендігін алға тартты.

Өкінішке қарай, соңғы жылдары байланысымыз үзіліп қалған болатын. Ара-тұра ортақ таныстарым арқылы оның жағдайын біліп тұратынмын, бәрі орынша сияқты еді.

Осылай болғаны өте өкінішті. Жеке проблемалар көңіл қалғандықтан пайда болады. Владимирдің тарихын білетінмін, оның өз проблемалары бар еді. Өкінішке қарай, өмірден жас кетті.

Жігіттер, бір-біріңді бағалаңдар. Иә, қазір бәріне ауыр, дегенмен жақындарымызға мән берейік, - деді ол.

Илья Ильин 2021 жылы 25 жаста тағы бір ауыр атлет Альберт Линдер де осылай өмірден өткенін еске салды.

Бұл екінші жағдай. Әлемдік ауыр атлетикада да, Қазақстандағы жағдай да өте ауыр. Бізде күрделі мәселелерді көрмейді. Бізге бірге болу керек. Адамдар айлықсыз, жұмыссыз отыр. Олардың жағдайына ешкім мән бермейді. Қолға алынса, шешілмейтін мәселе жоқ. Бір жерге барасың, сені жылы шығарып салады.

Ешкімге керек емессің. Отбасыңда проблемалар туындайды, себебі асырауың керек. Федерацияның өз проблемалары бар. Қолымнан келгенше жігіттерді қолдауға тырысамын. Жалғыз өзім не істей аламын? Қазір 30 шақты адам жұмыссыз отыр. Оларды не істейміз? Мәселе осында. Олар спортшыларды алып тастайды, әрі қарай тағдыры не болып жатқанынан ешкім хабарсыз, - деді зілтемірші.

Илья Владимир Седовтың өлімі біздің қоғам үшін дабыл болуы керек деп санайды.

Бір-бірімізге мән беретін уақыт жетті. Адамгершілік, жанашырлық – біз осыған ұмтылуымыз қажет. Өзгеруіміз керек. Федерацияға жаңадан басшылық келді, өзгерістер болады деп үміттенемін. Әрекетпен көрсету керек, ашық диалог жүргізу қажет. Сол арқылы ғана осы жағдайларды шеше аламыз. Қазір көмекке мұқтаж спортшылар көп, соларды құтқару керек, - деді Ильин.

2008 жылғы Бейжің олимпиадасының қатысушысы, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсап көз жұмғанын хабарлағанбыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға