Жаңалықтар

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда
Фото: ТЖМ 13.02.2023 12:45 2097

Іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіле бастаған күннен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 53  адамның, оның ішінде 4 баланың денесі үйінді астынан шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Газиантеп қаласы бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда үш учаскеде жүргізілуде.

Құтқарушылардың бірінші тобы тоғыз қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, 8 қаза тапқан адамның денесі шығарылды.  

Құтқарушылардың екінші тобы алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат ішінара қираған, апатты, қирау динамикасы байқалады, тұрақсыз құрылымдарға байланысты ғимараттардың толық қирау қаупі бар. Ғимараттың 2-қабатына дейін инженерлік техниканы пайдалана отырып, демонтаж жүргізілді, үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Қайтыс болған 19 адамның денесі шығарылды.

Үшінші топ та алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде, қайтыс болған 18 адамның денесі шығарылды.

Қазақстан ТЖМ екінші эшелонмен барған құтқарушылары Түркияға келген сәттен бастап Нурдагы қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде.

Толығымен қираған ғимаратта қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстарын жүргізді.

Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап,  жедел және сауатты іс - қимылдың, сондай-ақ зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды - ер адам мен екі әйелді шығаруға мүмкіндік туды.

Адамдар дереу медициналық қызметтеріне жеткізілді. Қайтыс болған 4 адамның денесі шығарылды. Зардап шеккен адамдарды іздеуге техникалық құралдар, үйінділерді бөлшектеуге инженерлік техника пайдаланылуда. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Түркиядағы зілзаладан қаза тапқандар саны күн санап көбейіп барады.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғастырылуда.

Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді. Сонымен қатар Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан қайтарылды.

ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмысына қатысты соңғы ақпаратпен бөліскен болатын.

Осыған дейін Түркияда жоғалған қазақстандық  Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денесі табылғандығын хабарлаған болатынбыз.

Осыған дейін Газиантептегі Нурдагы ауданында 155 сағат үйінді астында жатқан 8 жастағы бала құтқарылғандығын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Түркиядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге Маңғыстау тұрғындары жинаған гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жөнелтілгенін хабарлаған болатынбыз.

 Ақтөбеліктер жойқын Түркия Республикасына өңірден 11 тоннаға жуық алғашқы гуманитарлық көмек жіберді.

Кеше Қазақстан Елшілігі Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттерге үндеу жасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға