Pixabay

Қазақстан Қытайға сыйға берген ақбөкендерді қалай жеткізеді?

25.06.2025 11:51 4031

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктерді көрші елдерге көшірудің жолдарын айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап.

Мұның тәсілдері өте көп. National geographic жанураларды бұрынғы тарихи аумағына тасылмалдайтын жобаларды жиі көрсетіп жатады. Ірі жануарлар контейнерлермен көшіреді. Ал киік ұсақ малға жатады. Сол себепті ғалымдармен көшіру мәселесін талқылап жатырмыз. Әзірше нақты ұсыныс жоқ. Әрине, айдап алып кете алмаймыз. Киікті көлікке тиеп, көшіру қажет. Оны тиеген кезде денсаулығы бұзылмай, аман баруы керек. Көлікпен апарудың да бірнеше жолы бар, - дейді Эколгия министр үкімет отырысынан соң өткен брифингте.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1 500 бас ақбөкен (киік) беру туралы шешім қабылдаған. Бұл бастама көрші елдегі сирек кездесетін жануар популяциясын қалпына келтіруді көздейді.