Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей құтқарушылары өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізді

Қазақстан мен Ресей құтқарушылары өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізді
Фото: Видеодан кадр 26.08.2023 20:38 723

Атырау облысы Құрманғазы ауданында трансшекаралық өрттерді сөндіру бойынша ауқымды Қазақстан-Ресей жаттығулары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, оқу-жаттығудың мақсаты - іргелес аумаққа өтуге қауіп төндіретін ірі табиғи өрттерді жою кезіндегі күштер мен құралдардың практикалық өзара іс-қимылын пысықтау.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес әрбiр ұйым берiлген шепте шартты өрттi жоюға кiрiстi.

Құрманғазы ауданының Сафон ауылында орман шаруашылығының учаскесінде шартты өрт анықталды. Шартты өртті сөндіруге Құрманғазы ауданының жергілікті атқарушы органдардың,  ерікті өрт сөндіру жасақтарының,  «Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау» мекемесінің, Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ (ӨС және АҚЖҚ), сонымен қатар Ресей Федерациясының ТЖМ қызметкерлері жұмылдырылды.

Орман шаруашылығы мекемелерiнiң қызметкерлерi орман алқабын сөндiрудi ұйымдастырды.

Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi, АҚ және ТЖ қызметтерi орман алқабына шартты түрде тараған отты сөндiруге, тұрғын үйлердегi өрттi жоюға және ауыл тұрғындарын эвакуациялауға күш-жiгерлерiн жұмсады. Шартты өрттің жалпы ауданы 120 гектарды құрады.

Оқу-жаттығу барысында өрттен зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету және оны жақын жердегi ауруханаға шұғыл жеткiзу бойынша жедел жәрдем бригадасының, ТЖ аймағын қоршау бойынша полиция бөлiмшелерiнiң iс-қимылдары пысықталды.

Бiрлескен күш-жiгермен табиғи өрттi ауыздықтауға, содан кейiн толығымен сөндіруге мүмкiндiк туды.

Ресей ТЖМ шақырылған өкiлдерi тарапынан Қазақстан мен Ресей өрт сөндiрушiлерiнiң iс-әрекеттерi оң бағаға ие болды. Оқу-жаттығуға қатысушылардың iс-қимылдарының үйлесiмдiлiгi, техниканы сауатты меңгеруi, оқу-жаттығу басшылығының өрт сөндiру барысында жедел жағдайды игеруi атап өтiлдi.

Бірлескен оқу-жаттығуға Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Астрахан облысы бойынша Бас басқармасының және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 170  адам мен 25  бірлік техникасы қатысты.

Оқу-жаттығу жоғары деңгейде өтті. Қойылған міндет жедел және үйлесімді орындалды.

Сонымен қатар, трансшекаралық жаттығулар аясында ҚР ТЖМ Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Астрахан облысы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының командалары арасында тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында футбол өткізілді. Нәтижесінде ҚР ТЖМ Атырау облысы ТЖД командасы бірінші орынға ие болды.

Оқу-жаттығулар шеңберінде ҚР ТЖМ Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Астрахан облысы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасы командаларының күштері мен құралдарын кешенді өрістету бойынша жарыстар өткізілді.

Iс-шара қатысушыларды Атырау облысы ТЖД атынан алғыс хаттармен және кубок, медалдармен  марапаттаумен аяқталды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға