Жаңалықтар

Қазақстан мен Италияның әскерилері тау дайындығынан тәжірибе алмасты

Қазақстан мен Италияның әскерилері тау дайындығынан тәжірибе алмасты
Фото: gov.kz 01.06.2023 21:47 443

Алматыдағы Қазақстан Қарулы күштерінің Тау даярлығы орталығына Италия Республикасы Қарулы күштерінің құрамында тәжірибелі нұсқаушылары бар делегациясы келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сапар Қазақстан мен Италияның қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспары төңірегінде өтті.

Итальяндық мамандар бағдарлау, ұрыс қимылдарын жүргізу, таулы жерлерде жаралыларды эвакуациялау бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізді. Тау жабдықтарын қолдану машығы және таудағы бөлімшелердің қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылды.

Әскери қызметшілер алған тәжірибе тау бөлімшелерінің қызметінде қажет болары анық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға