Жаңалықтар

«Қазақмыс» кенішінде 2 адам қаза тапты

«Қазақмыс» кенішінде 2 адам қаза тапты
Фото: kazakhmys.kz 27.11.2023 12:00 1042

«Қазақмыс» компаниясының «Жайсан» кенішінде 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысындағы Ғ.Омаров атындағы шахта трестінің 1981 және 2002 жылғы қызметкерлері жарақат алып, қайтыс болған.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. "Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген компания мәліметінде.

Айта кетейік, өткен аптада  «Қазақмыстың» қызметкерін конвейер қысып қалғанын жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға