Жаңалықтар

«Қазақмыстың» жұмысшысы конвейерге қысылып қаза тапты

«Қазақмыстың» жұмысшысы конвейерге қысылып қаза тапты
Фото: © Pixabay.com 23.11.2023 09:59 724

«Қазақмыстың» қызметкерін конвейер қысып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Astana TV сайтына сілтеме жасап.

«Қазақмыс» оқиғаға түсініктеме берді.

Конвейер механизмінің қысып қалуы салдарынан 1980 жылы туған конвейерші қатты жарақат алған. Жедел жәрдем оның қайтыс болғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жаты, -деп хабарлады компания өкілдері.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен  ұжымдастары марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға