Жаңалықтар

Қазақ тілі – жүрегіме ең жақыны – Францияда білім алған әлемдік модель Айя Шалқар

Қазақ тілі – жүрегіме ең жақыны – Францияда білім алған әлемдік модель Айя Шалқар
Фото: instagram.com/aya_shalkar 27.12.2023 13:33 4334

Модель әрі дизайнер Айя Шалқар өзінің қазақ тілінде еркін сөйлейтінін білген көпшілік таңғалатынын айтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айя бала күнінен тек қазақ тілінде сөйлеп өскенін, кейіннен шетелге көшкенде ағылшын тіліне ауысқанын алға тартты.

Мен қазақ тілінде сөйлеп өстім, негізгі тілім орыс емес, қазақ тілі болды. Он жыл бойы шетелде жүргенде орысшаға емес, ағылшын тіліне қарай ауыстым. Меніңше, қазір қазақ және ағылшын тілдерінде сөйлеу өте стильді көрінетін секілді, - деді ол.

Модель биылғы тамыз айынан бастап қазақ тіліне жіті мән бере бастағанын айтты. Арнайы сабақтар алып, ұмыт қалған сөздердің бәрін есіне түсіріп жүр екен.  

Қазақ тілі – жүрегіме ең жақын тіл. Эмоциялық жағынан да көбірек ашылатын сияқтымын. Өзімді көрсету оңайырақ, өзімді еркін ұстаймын. Орысша сөйлегенде бәрін сүзгіден өткізіп, тым қатты бақылайтын тәріздімін. Бір байқағаным, мені қанша жерден сынаса да, қазақша сөйлейтінімді білгенде, соның бәрі су сепкендей басылатын, ана тілімде сөйлей алуым артықшылығым секілді көрінетін, - деді дизайнер қыз.

Айяның шын есімі – Аяулым. Жоғары білімін Францияда алған. Ол қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерін жетік меңгерген..

«АШ» брендінің негізін қалаушы.

Естеріңзіде босла, Son Paskal-дің «Мен сені сүйемін» және Jah Khalib-тің «Медина» бейнебаяндарына түскен.

Бұған дейін Айя болашақ күйеуінің ұлтына қатысты пікір білдірген болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға