Жаңалықтар

Айя Шалқар болашақ күйеуінің ұлтына қатысты сауалға жауап берді

Айя Шалқар болашақ күйеуінің ұлтына қатысты сауалға жауап берді
Фото: Видеодан алынған кадр 27.12.2023 12:22 1286

Отандық дизайнер және суретші, модель Айя Шалқар болашақ күйеуінің ұлтына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аяның сөзіне қарағанда, одан болашақ жарының ұлты туралы жиі сұрайды. Бұл туралы ол Dope soz подкасында айтты.

Маған «Қазақ жігітіне тұрмысқа шығасың ба, әлде шетелдікке шығасың ба?», «Біз сені шетелдікке шығады деп ойлап жүргенбіз» деген сауалдар жиі қойылады. Менде ұлтқа қатысты қағида жоқ. Әрине, өз ұлтыңнан шыққан адам саған жақынырақ болады. Онымен коммуникацияны құру оңайырақ – бір-біріңді білесіңдер, бэкграундтарың ұқсас, ол жағынан жақсы болар еді деймін. Бірақ, өкінішке қарай, қиынырақ. (...) Кеш емес, әрине, 27-темін, әлі қартайып отырған жоқпыз, - деді Айя Шалқар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға