Жаңалықтар

«Қайтарымсыз несие алып беремін»: Түркістанда жас жігіт тұрғындардарды алдап кеткен

«Қайтарымсыз несие алып беремін»: Түркістанда жас жігіт тұрғындардарды алдап кеткен
Фото: Түркістан облыстық Полиция департаменті 06.03.2024 04:07 383

Түркістан облысы Сайрам ауданында 27 жастағы жігіт тұрғындарды алдап кеткен. Ол жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жас жігіт танысына мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінін айтып, алдын ала  300 мың теңге ақшасын алған. Одан кейін бір жыл бойы берген уәдесін орындамаған, ақшасын қайтармай әбігерге салған.

Күдіктінің дәл осыған ұқсас 3 жайтқа қатысы бары анықталған. Жәбірленушілерге келген шығын - 1 миллион теңге. Күдікті алдау жолымен алған ақшаны жұмсап жіберген.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға