Жаңалықтар

Полиция бопсалаушылардың қылмыстық топтарын ұстады

Полиция бопсалаушылардың қылмыстық топтарын ұстады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 05.03.2024 10:00 360

Жыл басынан бері ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері 130-дан астам бопсалау фактісін анықтап, жолын кесті. Оның ішінде қылмыстық топтармен жасалған фактілер де бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, 8 ақпанда ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана – Павлодар автожолында ұсталды.

Олар екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерге алып келіп, ұрып-соғып, қару-жарақпен қорқытып, екі күн бойы ұстап, 300 мың теңге мен ұялы телефондарын тартып алған. Сонымен қатар тағы бір миллион теңге талап еткен. Жәбірленушілердің бірі қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кетіп, көптеген жарақат алды. Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып алып, ізін суытпақ болған кезде ұсталды, - делінген мәліметте.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Оралда полиция қызметкерлері колледж студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады. Олар бопсалау, тонау және алаяқтықпен айналысқан.

Аталған факті бойынша сегіз қылмыстық іс тергелуде және күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша шаралар қабылдануда, - делінген мәліметте.

Ақмола облысында екі жастар тобы арасындағы қақтығысқа тосқауыл қойылды. Оқиға орнында травматикалық және суық қару, дубинкалар, сондай-ақ соққы жасауға арналған басқа да металл және ағаш заттар табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда адамдар тобымен жасалған бұзақылық фактісі бойынша іс қозғалды.

 Барлық факті бойынша күдіктілер ұсталды. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды. Құрметті азаматтар, егер сіздер қылмыстық топтар тарапынан қол сұғушылыққа тап болсаңыздар, дереу полицияға хабарласыңыздар. Біз сіздің ақпаратыңыздың құпиялылығына кепілдік береміз және сізді қорғап, қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді саламыз, – деді департамент бастығы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға