Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорда 22.12.2022 13:47 963

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі халықаралық конгресс орталығында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары орындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентінің Ташкенттегі «Куксарой» резиденциясының құрметті қонақтар аллеясында ағаш екті.

Президент Ташкент қаласының «Янги Узбекистон» саябағындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды.

Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға