Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорда 22.12.2022 12:33 2667

Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентінің Ташкенттегі «Куксарой» резиденциясының құрметті қонақтар аллеясында ағаш екті.

Президент Ташкент қаласының «Янги Узбекистон» саябағындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды.

Монумент былтыр осы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орнатылған. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға