Жаңалықтар

Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді

Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Фото: akorda.kz 22.11.2024 00:29 220
ҚР Президентінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты Мемлекет басшысының қандай тапсырма бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Бұл туралы Берік Уәли әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба жариялады. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, Президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді. Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын, - деп жазды Берік Уәли. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға