Жаңалықтар

Қарағандыдағы жарылыстан 2 адам қайтыс болды

Қарағандыдағы жарылыстан 2 адам қайтыс болды
Фото: facebook.com 30.01.2024 07:00 732

Қарағанды облысы Бұқар-жырау ауданы Ботақара кентіндегі пәтердегі жарылыстан 2 адам қаза тапты. Бұл мәліметті ауданы әкімі Абылай Сұлтанғали растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиғаға байланысты жедел штаб жұмысы ашылып, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде 8(7212) 51-72-23 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істеп жатыр.

Өздеріңіз білетіндей, екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны атылды. Өкінішке орай екі адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың отбасылары және жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Зардап шеккен тұрғындарға көмек ұсынылып, уақытша орналастырылды. Біз қазір оқиғаны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Жағдай облыс әкімінің бақылауында деп жазды Facebook парақшасында аудан әкімі. 

Еске салсақ, 30 қаңтар сағат 00.07-де он екі пәтерлі тұрғын үйдің екіші қабатындағы пәтерінде газ баллоны жарылған болатын. Оқиға орнына жеткен төтеншеліктер 6 адамды үйінді астынан шығарды. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға