Жаңалықтар

Жалағашта газ баллоны жарылып, әйел кісі қаза тапты

Жалағашта газ баллоны жарылып, әйел кісі қаза тапты
Фото: t.me/qr_tjm 09.01.2024 10:44 554

Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданында жекеменшік үйде газ баллоны жарылып, оқиға орнында бір кісі қайтыс болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз 50 литрлік газ баллонының жарылысынан үй өртеніп кеткендігін хабарлады.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйінді астынан 1948 жылы туған әйелдің денесін тапты. Ұлы өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін анасын құтқаруға тырысып, екінші дәрежелі күйік алған, - деп хабарлады ведомстводағылар.

Өртті сөндіруге бір техника мен жергілікті өрт сөндіру бөлімінің алты қызметкері жұмылдырылып, бір жары сағатта өрт ауыздықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға