Жаңалықтар

Қарағандыдағы жарылыс кезінде көпқабатты үйде 35 адам болған

Қарағандыдағы жарылыс кезінде көпқабатты үйде 35 адам болған
Фото: facebook.com 30.01.2024 07:41 698

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Бұқар-Жырау ауданы Ботақара кентінде орналасқан пәтердегі жарылысқа байланысты соңғы мәліметтерді ұсынды. Он екі пәтерлі тұрғын үйде 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

М.Әуезов №8а мекенжайындағы екі қабатты екі кіреберісті 12 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан №10 пәтерінде жарылыс болды. Кейін пәтер шатыры, қабырғалары мен төбелері, соның ішінде бірінші қабатта орналасқан №7 пәтер толық құлаған. Ал бірінші қабаттағы № 5, 6, 8 және екінші қабаттағы 11, 12 пәтерлер де жартылай зақымданған.

Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған. Сағат 00:11-ден бастап 03-37-ден құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар-Жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді. Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 сенім телефоны ашылды. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді делінген ТЖД мәліметінде.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қарағанды Облысы Тжд (@112qaragandy_tjd)

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға