Жаңалықтар

Қарағандыдағы төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр

Бұл туралы шаһар әкімінің міндетін атқарушы Мейрам Қожықов мәлімдеді
Қарағандыдағы төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 10.01.2023 23:54 760

Қарағанды қаласы әкімінің міндетін  атқарушы Мейрам Қожықов 16-қабатты үйдің тұрғындарын орналастыру жайлы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт болған үйдегі пәтерлерге өрттен емес, судан (өрт сөндіру кезінде шашылған су – ред.) зиян келген. Қазіргі сәтте тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Туысы барлар туыстарының үйіне барса, баратын жері жоқ тұрғындарға қонақүйлер дайындалып жатыр. Жеті пәтердің тұрғындары жатақханаға орналастырылды, - деді қала әкімінің міндетін атқарушы.

Төтенше жағдай орнына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та барған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның себеп-салдары нақтыланып жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, Қарағанды қаласында Республика даңғылы, 18/2 бойындағы үйде жарылыс болып, өрт шыққан. Төтенше жағдай 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерінде жарылыс салдарынан болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға