Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

 t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қайғылы оқиға 15 тамызда Ақсу-Аюлы кентінен 50 км қашықтықта орналасқан Алматы - Екатеринбург автожолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР ІІМ мәліметінше, Chevrolet Cobalt және Volkswagen Passat көліктері соқтығысқан. Жол апатынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ 28 жастағы Chevrolet жүргізушісі және екі көліктің жеті жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқи отырыңыз:

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген мәліметте.

Оқи отырыңыз