Жаңалықтар

ПСЖ жаңа бас бапкер тапты

ПСЖ жаңа бас бапкер тапты
Фото: © AFP 2023 / INA FASSBENDER 05.06.2023 06:32 497

«Пари Сен-Жермен» жаңа бас бапкер тапқан тәрізді. Бұл туралы FootMercato хабарлайды, деп жазады El.kz ақпараттық агенттігі.

Басылымның хабарлауынша, команда 35 жастағы неміс маманы Юлиан Нагельсманды тағайындау жағын қарастыруда. ПСЖ басшылары жаттықтырушымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Жақын арада келіссөздердің жаңа кезеңі өтеді.

3 сәуірде The Telegraph Нагельсманға «Челси» де қызығушылық танытып отырғанын жазған. Алайда команда тізгінін Маурисио Почеттино алды.

24 наурызда Нагельсман екі жыл бойы жұмыс істеген немістің «Бавариясынан» кетті.

Бұған дейін француздың «Пари Сен-Жермен» клубы  ресми сайтында аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің кететінін жариялады.

Клуб Леоға алдағы карьерасында зор табыс тілейді, - делінген ПСЖ-ның мәлімдемесінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға