Жаңалықтар

ПСЖ Мессидің кететінін ресми түрде растады

ПСЖ Мессидің кететінін ресми түрде растады
Фото: ПСЖ-ның баспасөз қызметі 04.06.2023 06:37 551

Француздың «Пари Сен-Жермен» клубы  ресми сайтында аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің кететінін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Клуб Леоға алдағы карьерасында зор табыс тілейді, - делінген ПСЖ-ның мәлімдемесінде.

35 жастағы аргентиналықтың париждіктермен келісімшарты маусымның соңында аяқталады.

Мен ПСЖ сапында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Бұл командада әлемнің үздік ойыншыларымен ойнаудан үлкен рахат алдым. Клубқа керемет тәжірибе үшін алғыс айтқым келеді, - деп келтіреді Мессидің сөзін ESPN.

Месси 2021 жылы «Барселонамен» келісімшарты аяқталған соң еркін агент ретінде ПСЖ ойыншысы атанды. Осы уақыт аралығында ол 74 матчта 35 гол соғып, 35 рет нәтижелі пас берді. Сонымен қатар екі рет Франция чемпионы атанып, Суперкубокта да топ жарған.

Мессидің жасы 35-те, жеті дүркін «Алтын допты» иегері. Желтоқсанда Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға