Жаңалықтар

Парламент Сенатының депутаттарын сайлау басталды

Парламент Сенатының депутаттарын сайлау басталды
Фото: el.kz 14.01.2023 11:12 1203

Елімізде ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:45-тегі жағдайға сәйкес, еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаушылар отырыстарында кворумға қол жеткізілді.

Айта кетейік, Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары сайлайды.

Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға