Жаңалықтар

Еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаушылар отырыстарында кворумға қол жеткізілді

Еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаушылар отырыстарында кворумға қол жеткізілді
Фото: atpress.kz 14.01.2023 11:00 696

Сағат 10:45-тегі жағдай бойынша (елорда уақыты бойынша) еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаушылар отырыстарында кворумға қол жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін еліміздің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында дауыс беру пункттері ашылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары сайлайды.

Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға