Жаңалықтар

Парижде жарылыстан 37 адам зардап шекті

Парижде жарылыстан 37 адам зардап шекті
Фото: ©AP/Christophe ENA 22.06.2023 09:04 687

Париж орталығындағы Америка академиясының ғимаратында болған жарылыстан кем дегенде 37 адам зардап шекті. Тағы төрт адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Euronews мәліметінше, үйінділер астында тағы екі адам қалған болуы мүмкін. Бұған дейін 16 адамның жарақат алғанын жазғанбыз

Алдын ала болжам бойынша, ғимарат ішінде газ жарылып, қасбеті жолға құлады. Еншілес тұрған ғимараттардың терезелері сынған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды.

Оқиға орнына 200-ден астам өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға