Жаңалықтар

Париждегі Америка академиясында жарылыс болды

Париждегі Америка академиясында жарылыс болды
Фото: ©AP/Christophe ENA 22.06.2023 06:20 819

Париждің Сент-Жак көшесіндегі Америка академиясының ғимаратында жарылыс болып, 16 адам зардап шекті, олардың жетеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

BFMTV ақпаратына сәйкес, өртті сөндіруге шамамен 270 өрт сөндіруші мен 70 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Қала префектісі Лоран Нуньес жарылыс үлкен өрт пен ғимараттардың бірінің құлауына себеп болғанын мәлімдеді. Көрші үйлердің терезелері сынған. Жақын маңдағы екі үйдің тұрғындары эвакуацияланды.

Прокурорлар «абайсызда зиян келтіру» ісі бойынша тергеуді бастады.

Жарылыс себептері анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға