Жаңалықтар

Өзбекстанда Жалаңтөс Бахадүр туралы фильм түсірілді

Өзбекстанда Жалаңтөс Бахадүр туралы фильм түсірілді
Фото: Видеодан кадр 18.02.2024 16:28 649

Өзбек кинематографистері Самарқан әмірі, Регистанды құрған атақты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрге арнап тарихи көркем фильм түсірді. O’zbekkino фильмнің трейлерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Джахангир Ахмедов түсірген «Амир Баҳодир Ялангтўш» фильмінің шайқас көріністеріне қазақстандық Nomad Stants каскадерлар тобы қатысқан.  

Бұл команда Халықаралық каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығын жеңіп алған.

Команда көптеген голливудтық фильмдердің шайқас сахналарында жұмыс істеген. Олардың соңғысы — режиссер және продюсер Ридли Скотттың «Наполеон» фильмі.

Кинотуынды өзбек актерлерімен бірге Қазақстан мен Қырғызстанның кино жұлдыздары да бой көрсеткен.

Фильм премьерасы Наурыз мерекесі қарсаңында жоспарланған.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға