Жаңалықтар

«Мүдделімін» . Аида Балаева «Қазақфильмге» қатысты қуанышты жаңалықпен бөлісті

«Мүдделімін» . Аида Балаева «Қазақфильмге» қатысты қуанышты жаңалықпен бөлісті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 15.02.2024 12:40 543

 «Кинематография туралы» заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Оның ішінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша жұмыс басталады екен.

Бұл жерде көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақ – «Қазақфильмнің» қазіргі жай-күйі. Мен министр ретінде «Қазақфильмнің» халықаралық киноиндустриядағы бұрынғы даңқы мен статусын қайтаруға мүдделімін. Бұл біз үшін жауапты іс әрі қастерлі міндет. Бұған қатысты мемлекет басшысының тапсырмасы тиісті деңгейде жүзеге асуда. Адамдар қаншалықты «Қазақфильмнің» болашағына күмәнмен қараса да, біздің айтарымыз біреу – «Қазақфильм» қатардағы киностудия емес, бұл біздің тарихымыз, біздің рухымыз, ұлттық киномыздың келешекке деген үкілі үміті. Сондықтан да оны сақтап қана қоймай, қарыштап дамуын қамтамасыз ететін боламыз, - деді Аида Балаева.

Ол ұлттық фильмдерді мемлекеттік қолдау орталығының құрылғандығына 5 жыл болды. Осы жылдар арасында 5 питчинг өтіп, 100 фильм өндірілді деп атап өтті.

Алайда фильм тақырыптарының біржақтылығын байқауға болады. Мәселен, ашаршылық, соғыс, нашақорлық тақырыбында фильмдер басым болып тұр. Биылдан бастап мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды конкурстық іріктеу ережесі өзгерді.Атап айтқанда, ұлттық киноны қолдау орталығы алдымен сценарилерді қабылдап, үздіктерін сараптама кеңесі іріктейтін болады. Ұлттық мүдемізге, идеологиямызға сай келетін басым тақырыптар бекітіліп, жақын арада жаңа форматтағы конкурс жарияланатын болады, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға