Жаңалықтар

Өткен аптада Қазақстанда 3 мыңнан астам қылмыс жасалған

Өткен аптада Қазақстанда 3 мыңнан астам қылмыс жасалған
Фото: © El.kz 24.07.2023 13:31 547

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек криминалдық ахуал бойынша өткен аптадағы статистиканы ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір аптада 3011 қылмыс жасалды. Оның 1810-ы тәулік ішінде ашылды» - деді ол ведомствоның онлайн брифингінде.

Оқи отырыңыз:

ІІМ өкілінің айтуынша, бір аптада кісі қолынан 10 адам қайтыс болған.

Полиция қызметкерлері ізін суытпай кісі өлтірудің – 5, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің – 5, қарақашылықтың – 1, тонауға қатысты – 34, бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша 430 қылмысты ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек

Еске сала кетейік, Астанадағы «Мегада» төбелес ұйымдастырған бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланғаны туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға