Жаңалықтар

Өскеменде оқушы қыз көпірден секіріп кетті

Өскеменде оқушы қыз көпірден секіріп кетті
Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті 16.02.2024 02:25 624

Өскеменде мектеп жасындағы жасөспірім қыз Ертіс көпірінен секіріп кетті. Куәгерлер дереу құтқарушыларға хабарлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Андрей Дубихин, Медет Ахметов келіп жеткен. Олар жетемін дегенше №5 құтқару бөлімшесінің басшысы Виталий Скляр мен екі ер адам жасөспірімді судан алып шыққан екен.

Құтқарушылар 2008 жылы туған оқушыны жедел жәрдем қызметін күтпестен шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізген. Жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға