Жаңалықтар

Шымкентте көпірден суға секірген мас әйел құтқарылды

Шымкентте көпірден суға секірген мас әйел құтқарылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 31.01.2024 16:16 1330

Шымкенттік полицей суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оны байқап қалған адамдар полицияға хабар берген. Оқиға орнына патрульдік автоэкипаж жедел жетті. Инспектор Нұрислам Құдайберген батып бара жатқан әйелді жағаға жеткізіп, әріптестерінің көмегімен судан шығарды.

Ойлануға уақыт болған жоқ. Азаматшаны көріп, мен бірден оны алып шығуға асықтым, тіпті судың қаншалықты салқын екенін сезбеппін. Әлбетте, әйелді жағаға шығару әріптестерімнің көмегінсіз мүмкін болмас еді. Өзімді соңғы орынға қойдым. Бұл – батырлық емес, бұл менің – міндетім. Адам өмірі тәуекелге тұрарлық, – дейді полицей.

Полиция қызметкерлері оны дәрігерлерге тапсырды. Мұндай қадамға ол мас күйінде барғаны белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға