Жаңалықтар

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі
Фото: t.me/aqparatqogam 21.07.2023 10:55 1200

Өткен жылы өрттен көз жұмған Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы «Қаһарман» сериалының түсірілімі жүріп жатқанын бұған дейін хабарлағанбыз.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Астана қаласындағы түсірілім алаңына арнайы барып, шығармашылық топпен кездесті.

Соңғы кездері елімізде сериал өндірісі, креативті индустрия дамып жатқаны белгілі. Бізде түсірілген сериалдарды шетелдік арналарға сатып алуда. Сондай фильмнің бірі – қарапайым да адал еңбек адамын суреттейтін «Қаhарман» атты телеөнім. Өрт кезінде опат болған батыр бейнесін насихаттайтын сериалдың сюжеті шынайы оқиғаларға негізделген – халық қаһарманы Асқар Забикулин туралы. Бас кейіпкері – өткен жылы ғана алаумен арпалысып, үш адамның өмірін құтқарған, өкінішке қарай, өзі ажал құшқан өрт сөндіруші Асқар Забикуллин, – деді министр.

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі

Сонымен қатар, ведомство басшысы Асқар Забикулиннің әйелі Анельмен және қыздарымен әңгімелесті.

Батырдың жары да фильмді түсіру барысын өз көзімен көру үшін келгенін айтып, үлкен жұмыс атқарып жатқан түсірілім тобына алғысын жеткізді.

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі

Кино түсіру оңай емес екен. Біз 5 сағаттай болдық. Түсірілімге дайындық, бірнеше дубль, ракурс, жарық. Бұл – бір ғана көріністі түсіру кезінде көрген қиындықтың кішкене ғана бөлігі. Барлық түсірілім тобына қажырлы еңбегі үшін рақмет. Сериал барлығына ұнайды деп сенемін, – деді Анель.

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі

«Bas production» продюсерлік компаниясы түсіріп жатқан сериал қыркүйек айында «Астана» телеарнасында көрсетіледі.

Айта кетейік, 2022 жылдың 16 қарашасында Астанада 15 қабатты үйден өрт шықты. Бірнеше адамды құтқарған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің денесін 80% күйік шалып, жансақтау бөліміне жатқызылды.

20 қарашада ол ауруханада көз жұмды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға