Жаңалықтар

«Қаһарман». Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы сериал түсіріліп жатыр

«Қаһарман». Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы сериал түсіріліп жатыр
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 18.07.2023 08:26 1534

Астанада ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы «Қаһарман» сериалының түсірілімі жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы оның жесірі Анель Забикулина мәлімдеді.

Қазір Асқарға және өз өмірін қатерге тігіп, күнде отпен күресетін өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған «Қаһарман» сериалының түсірілімі жүріп жатыр. Түсіру тобы бүгін Астанаға келіп, бірден жұмысқа кірісті.

Әрине, бүкіл процесті өз көзімізбен көру мүмкіндігін жіберіп алмадық. Айта кетейін, кино түсіру оңай емес. Біз ол жерде 5 сағаттай болдық. Түсірілімге дайындық, бірнеше дубль, ракурс, жарық. Бұл – бір ғана көріністі түсіру кезінде көрген қиындықтың кішкене ғана бөлігі. Барлық түсірілім тобына қажырлы еңбегі үшін рақмет. Сериал барлығына ұнайды деп сенемін, – деп жазды Анель Забикулина әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 2022 жылдың 16 қарашасында Астанада 15 қабатты үйден өрт шықты. Бірнеше адамды құтқарған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің денесін 80% күйік шалып, жансақтау бөліміне жатқызылды.

20 қарашада ол ауруханада көз жұмды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға