Жаңалықтар

Олжас Бектеновтан бұрынғы Үкіметтің қателігін қайталамауын күтеміз – Нартай Аралбайұлы

Олжас Бектеновтан бұрынғы Үкіметтің қателігін қайталамауын күтеміз – Нартай Аралбайұлы
Фото: Akorda.kz 06.02.2024 17:04 872

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев жаңа Үкімет басшысы Олжас Бектеновқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат «Олжас Бектеновтан не күтеміз? Ең бірінші, өткен Үкіметтің қателігін қайталамауды күтеміз. Күткеннен кейін оны біз талап етеміз. Өйткені Үкіметтің және Үкімет басшысында қандай да бір қателік кететін болса, ең бірінші таяқтың бір ұшы «Amanat» партиясына тиеді», деді мәжілісмен.

Өйткені, біз ұсынған кандидат. Ең алдымен әлеуметтік-экономикалық блогтың күшейуін күтеміз. Себебі халықтың әлеуметтік жағдайы нашар. Жаңа ғана Мемлекет басшысы бізге халықпен кездесіп келгеннің өзінде бірқатар бастамалар ұсынып, мәселелерін айттыңыздар деді. Сондықтан да елдің кедейшілік мәселесін, ең төменгі жалақының өзгеруін және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруын күтеміз, – деді жаңа Үкімет басшысынан депутат.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жұмысына жоғары баға бергенін жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға