Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Мәжілістің жұмысына ризамын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Мәжілістің жұмысына ризамын
Фото: Akorda.kz 06.02.2024 16:28 605

Мемлекет басшысы Мәжілістің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Ерлан Қошанов төрағалық ететін Парламенттің жұмысына баға берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен Президент жаңадан тағайындалған Үкімет басшысын лауазымен құттықтап, жұмысына сәттілік және табыс тіледі.

Мен Президент ретінде депутаттардың жұмысын мұқият қадағалап отырмын.Шындықты айтсам, Мәжіліске ризамын. Шын мәнінде ауқымды, маңызды жұмыстар, ең алдымен халық үшін қажетті жұмыстарды абыроймен атқарып отырсыздар. Сондықтан мен баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Ерлан Жақанұлы Мәжілістің жұмысы туралы маңызды ақпараттар беріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөз соңында жұмыстарына сәттілік тілеп, ел және халық үшін қызмет етуге шақырды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы  Үкіметті не үшін отставкаға жібергенін түсіндірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға