Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарының шетелдегі активтері қайтарыла ма? Бас прокуратура жауабы

Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарының шетелдегі активтері қайтарыла ма? Бас прокуратура жауабы
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.06.2023 15:10 845

Активтерді елге қайтару туралы заң Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақындарына қатысты да қолданылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәліметте бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов растады.

Заңда субъектілердің нақты талаптары айқындалған. Егер сіз айтқан фамилия (Назарбаевтар – редакция), осы отбасының мүшелері осы критерийлерге сәйкес келсе, онда заң оларға қатысты да қолданылады, - деді Байжанов кулуарда.

Бас прокурордың орынбасарынан сот шешім шығарғандар арасында Назарбаевтың туыстары мен олигархтар бар-жоғы да сұралды.

Оқи отырыңыз:

Назарбаевқа қатысты тағы бірқатар заңға өзгерістер енгізіледі

Бізде Қайрат Сатыбалдыға қатысты (Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі) қылмыстық іс бар. Қайрат Боранбаевқа (Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы) қатысты аяқталған іс бар. Осы істердің аясында көптеген актив қайтарылды, - деді ол.

Активтерді қайтару кезінде «Панама досьесі» мен өзге дереккөздер де ескерілетіні айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға