Жаңалықтар

Назарбаевқа қатысты тағы бірқатар заңға өзгерістер енгізіледі

Назарбаевқа қатысты тағы бірқатар заңға өзгерістер енгізіледі
Фото: ©AP/Alexander ZEMLIANICHENKO 29.06.2023 13:21 1364

Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері және Назарбаев қоры мәртебесіне қатысты заң жобаларына өзгерту енгізіледі, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бүгін Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.

Оны жүзеге асыру үшін «Назарбаев Университетінің мәртебесі туралы», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры туралы» сияқты бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттіктерін айқындайтын түзетулер қарастырылып жатыр, - деп қорытындылады Сенат.

Оқи отырыңыз: 

Сырттағы активтерді ерікті немесе мәжбүрлі қайтару тәртібі көзделіп отыр – Андрей Лукин

Заңның қазіргі редакциясында жоғарғы қамқоршылық кеңестің бірінші төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болып табылады. Өзгерістерге сәйкес Президент немесе ол тағайындаған адам жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға