Жаңалықтар

Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы әлемдегі ең бай адамдардың қатарында

Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы әлемдегі ең бай адамдардың қатарында
Фото: kazenergy.com / foundation.kz 04.01.2024 10:35 3739

Әлемдік Forbes рейтингіндегі ең бай қазақстандықтардың тізімін Тимур мен Динара Құлыбаевтар бастап тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылы Тимур Құлыбаевтың байлығы 4,6 миллиард долларға жетті. Оның әйелі Динара Құлыбаевада да дәл осындай қаржы бар. Осылайша ерлі-зайыптылар Forbes журналының әлемдік рейтингінде 627-ші орынды иеленген.

2023 жылғы 17 сәуірдегі мәліметке сәйкес,  Құлыбаев real-time тізімде 636-орында тұрған. Ал қаражаты бір жылда $400 млн-ға артқан еді.

Құлыбаевтар қаржы бизнесінен пайдаға кенеліп отыр. Сондай-ақ еліміздегі ең ірі банк Қазақстан Халық банкін басқаратын ALMEX компаниясына иелік етеді. Сонымен қатар, олардың активтерінде бірнеше мұнай кен орындары бар.

Айта кетейік, Динара Құлыбаева көпшілік алдында Тимур Құлыбаевқа алғыс айтқанын жазған едік. Ал Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға