Жаңалықтар

Динара Құлыбаева көпшілік алдында Тимур Құлыбаевқа алғыс айтты

Динара Құлыбаева көпшілік алдында Тимур Құлыбаевқа алғыс айтты
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев қоры 14.12.2023 10:41 4798

Осыдан бірер күн бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева көпшілік алдына шығып сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандағы ең бай әйел NNEF қоғамдық қорының 25 жылдығына орайластырылған іс-шарада сөз сөйледі. Бұл қор балабақшалар, Мирас мектебі, AITU, KBTU, UIB секілді университеттер мен «SOS Қазақстан балалар ауылдары» жобаларын біріктірген.

Динара Құлыбаева жиналғандарға алғысын білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаев қорын мерейтойымен құттықтады. Бұдан бөлек өзінің күйеуіне де алғысын жеткізді. 

Ісіне адал болған барлық қызметкерге алғысымды айтқым келеді. Бізге үнемі қолдау мен көмек көрсетіп жүрген қор достары мен әріптестеріне ерекше алғыс білдіремін. Сонымен қатар біздің жобамызға қамқорлық танытып келген меценат Тимур Асқарұлына да алғыс айтамын, - деді Динара Құлыбаева.

@adal_adam На видео Динара Кулибаева выступает на мероприятии по случаю 25-летия общественного Фонда NNEF, который включает детские сады и школы Мирас, университеты AITU, KBTU, UIB, проект «SOS детские деревни Казахстана». Динара Кулибаева - самая богатая женщина Казахстана, один из акционеров Народного банка Казахстана, а в Фонде образования Нурсултана Назарбаева она единственный учредитель. Динара Кулибаева появляется на публике редко. #динаракулибаева #фондназарбаева #назарбаев @UlysMedia ♬ оригинальный звук - ADAL Adam

Айта кетейік, Динара Құлыбаева – Қазақстан Халық банкі акционерлерінің бірі. Нұрсұлтан Назарбаев қорында ол жалғыз құрылтайшы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға